Өнер
2 мин оқу 1,005

Жауырынға жан бітірген

<p style="text-align: justify;">Қазақ халқында ежелден бері сүйектен бұйым жасау өнері бар. Атақты кескіндемеші Әбілхан Қастеев: &laquo;Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім&raquo; дегеніндей, қолында төрт түлігі бар көшпенді халық малдың сүйегін жібітіп жону арқылы, өрнек салу, сандықша қаптау, музыкалық аспаптарды әрлеу, ер-тұрман жиектеу, сәндік бұйымдарға шегелік жасау сияқты істерді жетік игерген.</p>

Жауырынға жан бітірген

Соңғы жылдары сүйектен сәндік немесе геральдикалық бұйым жасау өнері айтарлықтай дамып ке­леді. Осындай сүйектен бұйым жасау­шылардың бірі – астаналық ұстаз, Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі – Асылбек Бегзанұлы. Бұл азамат халқымыздың сүйектен бұйым жасау дәстүрін дамытумен қа­тар, елордалық мектеп оқушыларына атал­ған өнерді үйретуде.

«Ертеде ел арасында жауырын сүйек­ке қарап бал ашатындар бол­ғанын жақ­сы білеміз. Өйткені бұл сүйек басқа мүшелерге қарағанда, композициялық құрылымы мен формалық үйлесімі кең әрі адамның шығармашылық қия­лын ұштайтын мәнге ие. Десек те, сүйек­тен бұйым жасау оңай емес. Оның өзіндік айла-тәсілі технологиясы бар. Ше­бер­дің қиялы мен ісі үйлескенде ғана то­лыққанды туынды туары хақ. Сүйектен сұлулық тудыру – қағазға немесе матаға сурет салу емес», дейді шебер.

1

Сүйекшілік өнерімен айналыс­қанына оншақты жылдың жүзі болған шебер 2018 жылы еңбек пәні ұстаздары арасында өткен қалалық байқауда «Орман бұғысы» атты жұмысымен бас жүлде алса, «Бей­біт­шілік құсы» атты туындысы Түр­кияда өт­кен халықаралық көрмеде «Үздік өнер» но­­ми­нациясына ие болыпты. Сондай-ақ өткен жылдары Абайдың 175 және әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай рес­публикалық еңбек пәні ұстаздары арасында ұйымдастырылған «Ғасыр толғауы» атты көрме кезінде, іріктеліп алынып, құ­растырылған «Бабалар аманаты» атты аль­бомға туындылары жарияланыпты.

р

Қазіргі таңда шебер Нұр-Сұлтан қаласындағы Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 78 мектеп гимназиясында ұстаздық етумен қатар, ұлттық мұра­мызды дәріптеп, сәндік-қолданбалы өнер­дің қыр-сырын болашақ ұрпақтың санасына сіңіріп, ағаштан, теріден, сүйектен түрлі бұйымдар, кәдесыйлар жасау ісін шәкірттеріне үйретіп жүр.

о

р

Бөлісу:
Жауырынға жан бітірген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар