Қоғам
1 мин оқу 410

Ғарыштың ғажабын сезіндіріп...

<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасында &laquo;Кенептегі ғарыш&raquo; атты балалар бейнелеу шығармашылығы байқауының қоры&shy;тын&shy;дысы шығарылды. Ға&shy;рышкерлер күні мен &laquo;Балалар жылына&raquo; ар&shy;налған бұл өнер жарысында қосымша білім беру ұйымдарынан, көр&shy;кемөнер мек&shy;теп&shy;терінен және бейнелеу студияларынан 200-ден астам оқушы бақ сынаған болатын.</p>

Ғарыштың ғажабын сезіндіріп...

Байқауды ұйымдас­тырған «Сарыжайлау» ки­нотеатрының басшы­сы Рымбала Омар­бе­ко­ва балғын суретші­лер­дің өнерге деген қызы­ғу­шы­лығы мен құш­тар­лығын ерекше атап өтті.

– Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Шахан, При­озёрск, Саран қалалары атынан қатысқан балғын суретшілердің бір де бірі назардан тыс қалмады. Олардың әрқайсысы жер­лесіміз, Қазақстанның тұң­ғыш ғарышкері, Халық қаһарманы  Тоқтар Әубә­кіровтің құттықтау хатына ие болды, – деді Р.Омар­бекова.

Байқау қорытынды­сын­да қазылар алқасының ұйғарымымен үш аталым бойынша Шахтинск қаласындағы Ә.Исмаилов атындағы балалар көр­кем­сурет мектебінің тәр­биеленушілері жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, «Сән­дік-қолданбалы өнер» номинациясында Ма­рия Тишкова топ жарса, «Гра­фика» аталымы бойын­ша Валерия Кытманова және «Кескіндеме» сайысында Наргиз Башанова үздік деп танылды. Ал Қа­рағанды қаласындағы №2 Балалар өнер мектебінің оқушысы Сафина Бакирова «Композиция» аталымы бойынша бірінші жүлдені иемденді.

Байқауды ұйымдас­ты­рушылар жеңімпаздарды дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту етті.

а

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Ғарыштың ғажабын сезіндіріп... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар