Қазақстан
1 мин оқу 550

Ғылымға апарар қасиетті жол

<p style="text-align: justify;">Қазақстан аумағында ғылыми мекемелер 20 ғасырдың басында пайда болды. Бастапқыда бұл ауыл шаруашылығы және тұқым шаруашылығы ғылыми станциялары болды.</p>

Ғылымға апарар қасиетті жол

1925 жылы Алматыда тұңғыш санитарлық-бактериологиялық ғылыми институт, ал 1926 жылы Қазақстан үшін Ташкентте ашылды, Алматыда болса тұңғыш жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты  1928 жылы ашылды.

а

1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ базасы құрылып, ол 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылды, онда 1940 жылдардың басында 100 ғылыми қызметкер, оның ішінде 3 ғылым докторы және 14 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Бұл кезеңде республикада 12 жоғары оқу орны, 11 ғылыми-зерттеу және жобалық-технологиялық ұйым, 2 жобалау институты, 2 ауылшаруашылық тәжірибе станциясы, 6 зауыттық ғылыми-зерттеу және коснтуркторлық бөлімдер, Алматы қаласында ботаникалық бақ және зоологиялық саябақ жұмыс істеді.

1946 жылы 31 мамырда «Қазақ КСР Ғылым академиясын құру туралы» қаулы қабылданды.

Уалтаева А.С. – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы

Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері,

«Fылым Ордасы» Ғылыми кадрларды даярлау орталығының басшысы,

тарих ғылымдарының кандидаты,  ассоциациялық профессор

Бөлісу:
Ғылымға апарар қасиетті жол · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар