Спорт
1 мин оқу 320

Оқушылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді

<p style="text-align: justify;">10-19 маусым аралығында Панама қаласында оқушылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.facebook.com/kazchesskz/posts/4900869256692317">Қазақстан шахмат федерациясы</a>-на сілтеме жасап.</p>

Қазақстан шахмат федерациясы мәліметіне қарағанда чемпионат 7, 9, 11, 13, 15 және 17 жасқа дейінгі жас санаттарында ұлдар және қыздар үшін жеке жарыс өтеді.

Чемпионат ФИДЕ жарыстарының жалпы ережелеріне сәйкес 9 турдан тұратын швейцария жүйесі бойынша өткізіледі.

Уақытты басқару: әр қадам үшін 90 минут + 30 секунд.

Жарыс соңында әр санаттағы үш үздік ойыншы алтын, күміс және қола медаль олжалайды. Чемпионаттың қалған қатысушыларына сертификат беріледі.

13, 15 және 17 жасқа дейінгі санаттағы жеңімпаздарға FM/WFM атағы беріледі. Күміс және қола медаль иегерлері СM/WCM титулына ие болады.

7, 9 және 11 жасқа дейінгі жеңімпаздар, сондай-ақ күміс және қола медаль иегерлері CM/WCM титулын алады.

Қатысуға өтініш пен төлемді Қазақстан шахмат федерациясының office@kazchess.kz ресми почтасына 22 сәуір сағат 12:00-ге дейін жіберу керек.

Жарыс ФИДЕ және Панама шахмат федерациясының қолдауымен өтеді.

Бөлісу:
Оқушылар арасында шахматтан әлем чемпионаты өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар