Ауа райы
1 мин оқу 472

12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Оңтүстік жартысында қатты жаңбыр жауып, найзағай мен екпінді жел күтіледі. Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Сондай-ақ, елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болады.

«Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасының ауытқуы 10-18-ден 18-26-ға дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 10-17-ден 15-26-ға дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометрлер 22-32-ге дейін көтеріледі», деп қосты мамандар.

Бөлісу:
12-14 сәуірге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар