Аймақтар
1 мин оқу 404
Талғар базарындағы өрт себебі айтылды
<p style="text-align: justify;">Талғар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі Талғар қаласының орталық базарында шыққан өрттің алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алдын ала болжам бойынша, өртке электр тоғының қысқа тұйықталуы себеп болған.
– Соңғы қорытынды әлі шыққан жоқ, – деді Талғар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Айдос Ахметқалиев.
Өрттің шығу себебін де полиция қызметкерлері арнайы зертханада тексеруде.
Еске салсақ, өрт 7 сәуірге қараған түні шыққан. Өрт сөндірушілердің арқасында өрт бүкіл базар аумағына таралмаған (әмбебап базардың жалпы ауданы 8330 шаршы метр). Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу: