Доллар бағамы 3,5 теңгеге қымбаттады
<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 3,49 теңгеге көтеріліп, 449,53 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қытай юанінің бағамы - 70,61 теңге (-0,55), сауда көлемі - 3,24 млн юань.
Ұлттық банк Ресей рублінің бағамын 5,91 теңгеге, еуро бағамын - 485,68 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларларды 454-457,5 теңгеден, еуроны - 493-500 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 5,25-5,75 теңгеге жетті.
11 сәуірде мұнайдың әлемдік бағасы біршама төмендеді.
Мамыр айында жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері 1,73%-ға төмендеп, барреліне 95,78 долларды құрады.
Ал Вrent маркалы мұнайдың бағасы 1,76%-ға, барреліне $100,32-ға дейін төмендеді.