Қазақстан
1 мин оқу 1,280

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

<p style="text-align: justify;">Қазақстандықтар мамыр айында үш мерекені атап өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Олар 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. 

1 мамыр жексенбіге түскендіктен, қазақстандықтар 2 мамыр күні де демалады. 

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр сенбі күніне дәл келгендіктен, демалыс күні 10 мамырға ауыстырылады. Жеңіс күнімен қоса есептегенде, ел тұрғындары 7 және 10 мамыр аралығында бірден 4 күн демалады. 

Осылайша мамырда жалпы демалыстар саны 5 күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, 6 күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болмақ.

Бөлісу:
Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар