Атырау-Ыстанбұл әуе рейсі қайта іске қосылады
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Атырау – Ыстанбұл бағыты бойынша әуе қатынасын 26 сәуірден бастап қайта іске қосады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://azh.kz/kz/news/view/56956">Ақ Жайық</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Рейстер Airbus A320neo әуе кемесімен аптасына екі күн – сейсенбі мен жұмада жүзеге асырылады.
Атыраудан ұшу уақыты 08.10-да, Ыстанбұлға қону уақыты - 10.20-да.
Ыстанбұлдан ұшу уақыты 11.20-да, Атырауға қону уақыты 17.05-те.
Бағыттарда ұшу және қонудың жергілікті уақыты көрсетілген.
Билеттің эконом-кластағы ең төменгі бағасы - 165 177 мың теңге. Бизнес-кластағы баға - 580 389. Бұл бару және қайту бағасының құны екенін атап өткен жөн.
Аяна Тоғанбек