Аймақтар
1 мин оқу 600

Атырауда қоғамдық көлік қозғалысы уақытша өзгереді

<p style="text-align: justify;">Атырауда орталық көпірдің жабылуына байланысты көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі шаһардағы қоғамдық көлік қозғалысының уақытша өзгеретінін мәлімдеді. 
 
Атап айтқанда,  № 3,4,7,12,14,15,20,21 бағыттар бойынша қозғалыс реті мынадай: «Абай» аялдамасынан «Пушкин» көшесінің бойымен «Бейбарыс» даңғылының бойындағы көпір арқылы, № 1 бағыт «Абай» аялдамасынан «Молдағұлова» көшесінің бойымен «Бейбарыс» даңғылының бойындағы көпір арқылы қозғалады. Ал №30 бағыттағы маршруттық автобустың қозғалысы «Жеңіс саябағынан»-«Авангард-Жилгородок» көпірі арқылы «Ақжайық» айналма жолына дейін жүзеге асырылады.
 
Қалған бағыттағы қоғамдық көліктер өзгеріссіз қалады. 
 
№3 маршрут «Аламан базары-Атырау м.а.-Дина базары»
№4 маршрут «Нурсая м.а.- Дина базары»
№7 маршрут «Лесхоз-Авангард м.а.-Химпоселок-Темір жол вокзалы»
№12 маршрут «Авангард м.а.-Балыкшы»
№14 маршрут «Авангард м.а.-Темір жол вокзалы» 
№15 маршрут «Саркамыс м.а.-Темір жол вокзалы-Береке м.а.»
№20 маршрут «Аламан базары-Атырау м.а.-Балыкшы»
№21 маршрут «СМП-163 –Жерұйық м.а.»
№30 маршрут «Жеңіс саябағы-Тұрғын үй қалашығы».
Бөлісу:
Атырауда қоғамдық көлік қозғалысы уақытша өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар