Жапонияда коронавирустың жаңа штаммы анықталды
<p style="text-align: justify;">Жапонияда «Омикрон» инфекциясының жаңа түрі анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://ria.ru/20220411/koronavirus-1782914676.html">РИА Новости </a>сайтына сілтеме жасап.</p>

Вирус Токио маңындағы Нарита әуежайындағы карантин пунктінде АҚШ-тан келген 30 жастағы әйелден анықталды. Генетикалық талдау бұл «Омикронның» жаңа түрі екенін анықтады.
Дәрігерлер коронавирустың әртүрлі штамдарының мутациясы нәтижесінде пайда болған үш түрлі сызықты – XD, XE және XF ажыратады. XD және XF сызықтары «Дельта» және «Омикрон» сублиниясының BA нұсқаларын біріктіреді.
XE «Омикрон» түрін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия тарихындағы ең жұқпалы індет деп жариялады.
Аяна Тоғанбек