Әлем
1 мин оқу 230

Чехия барлық коронавирустық шектеулерді алып тастады

<p style="text-align: justify;">9 сәуірден бастап Чехияға келген шетелдіктер үшін коронавирусқа қатысты барлық шектеу шаралары тоқтатылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Чехияның Сыртқы істер министрлігі өзінің веб-сайтында жазғандай, туристерге енді вакцинацияны растайтын сертификат алып жүру міндетті емес.

Ведомствоның мәліметінше мұндай шешім Чехия мен басқа елдердегі эпидемиялық жағдайдың жақсаруына байланысты қабылданды.

«9 сәуірден бастап SARS-CoV-2 вирусының Чехияда және әлемде таралуының қазіргі жағдайын ескере отырып, барлық қорғаныс шаралары жойылды», деп мәлімдеді Чехия Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ондржей Якоб.

Бөлісу:
Чехия барлық коронавирустық шектеулерді алып тастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар