Аймақтар
1 мин оқу 200

Балқаш жағасында жоғалған балықшының денесі табылды

<p style="text-align: justify;">Балқаш жағасында ер адамның денесі табылды. Ол 2021 жылдың 24 қарашасында хабар-ошарсыз кеткен балықшы екені анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жақында полиция бөліміне көл жағасынан табылған ер адамның мәйіті туралы хабарлама келіп түсті. Оны көл жағасынан өтіп бара жатқан жергілікті тұрғындар тапты.

«Көл жағасынан табылған ер адамның денесі өткен жылдың 24 қарашасында жоғалған Болат Дүйсембаевқа тиесілі», делінген облыстық ПД хабарламасында.

Полиция ер адамның денесінде зорлық-зомбылық іздері жоқ екенін атап өтті.

Бөлісу:
Балқаш жағасында жоғалған балықшының денесі табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар