Аймақтар
1 мин оқу 300

СҚО-да есірткі сатушы қарумен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Петропавлда полицейлер есірткі тасымалдаған қарулы адамды ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

СҚО-да есірткі сатушы қарумен ұсталды

28 жастағы қала тұрғыны екі келі марихуананы сатуға тырысқан кезде ұсталды. Тұрғылықты жерін тінту және оның көлігін тексеру барысында тәртіп сақшылары 14 кг-нан астам марихуана мен 143 грамм гашиш тәркіледі.

Сонымен қатар күдіктіден аңшы мылтығы және екі газ тапаншасы табылды. Бұдан әрі тәркіленген заттар мен заттардың шығу тегі анықталуда.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
СҚО-да есірткі сатушы қарумен ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар