Белгілі әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов өмірден өтті
<p style="text-align: justify;">Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов дүниеден озды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Филология ғылымының докторы, профессор Тебегенов Темірхан Сақаұлы 18.11.1949 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған.
Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген.
1972-1974 жылдары Қармақшы ауданы Қуаңдария кеңшарында №186 орта мектептің, 1974-1981 жылдары Қызылорда қаласының №10 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі, тәрбие жұмыстары жөніндегі меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1981-1991 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы.
1991-2005 жылдары - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры.
Ғалымның өлеңдері, мақалалары республикалық газет-журналдарда, ғылыми жинақтарда жарияланған.
Көптеген еңбектері Қытай, Ресей, Татарстан, Түркия, Қарақалпақстан елдерінде жарияланған. 300-ге жуық мақалалардың және 9 кітаптың авторы.