Оқиға
1 мин оқу 180

Павлодарлық тұрғын жертөледе қару жасырған

<p style="text-align: justify;">Баллистикалық зерттеудің нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, тәртіп сақшылары Аққулы ауданының Шарбақты ауылына кіре берісте Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғынын тоқтатқан. 

-  Тексеру кезінде оның спорттық сөмкесінен «ИЖ-54» маркалы тегіс ұңғылы екі ұңғылы қарудың кесіндісі табылған. Ер адам Шарбақты ауылының қараусыз қалған ғимаратының жертөлесінде қару ұстағанын түсіндірді, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

«Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер заңсыз айналымнан 76 бірлік қару алды, оның ішінде: тегіс ұңғылы - 44 (оның ішінде 10 кесінді), ойық ұңғылы – 4, электрлік – 12, газды – 14, травматикалық – 2, төрт граната және 104 дана патрон.

Бөлісу:
Павлодарлық тұрғын жертөледе қару жасырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар