Спорт
1 мин оқу 196

Дзюдошы Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте үш саты жоғарылады

<p style="text-align: justify;">Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Анталияда өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://olympic.kz/kk/article/26548-zhansay-smagulov-uluchshil-pozitsii-v-mirovom-reytinge-ijf">Olympic.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Дзюдошы Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте үш саты жоғарылады

Жаңартылған рейтингте қазақстандық дзюдошылар ішінде Жансай Смағұлов жоғары орында орналасқан. Ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 10-шы орыннан 7-ші орынға көтерілген. Қазіргі таңда Жансайдың еншісінде 2698 ұпай бар. 

Айта кетейік, Анталия татамиінде 73 келіде белдескен ол жарысты бесінші орында аяқтаған болатын. 

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Дзюдошы Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте үш саты жоғарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар