Спорт
1 мин оқу 143

Вавринканы сан соқтырды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Теннистен Монте-Карлода өтіп жат&shy;қан жүлде қоры 5 415 410 еуроны құ&shy;райтын ATP Masters 1000 турни&shy;рінің бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.</p>

Вавринканы сан соқтырды

Еліміздің ең үздік ойыншысы Александр Бублик тұсаукесер кездесуінде Стэн Ваврин­камен күш сынасты. 37 жастағы швейцариялық теннисшінің атағы алысқа жайылғаны барша жанкүйерге мәлім. Кезінде ол АҚШ пен Аустралияның ашық біріншіліктері мен Ролан Гарроста бас жүлдені олжалап, жұптық сайыс­та Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы атанды. 16 мәрте АТР турнирлерінде топ жарып, әлемнің үшінші ракеткасы атанды. Десек те азулы қарсыласынан Бублик еш қаймыққан жоқ. Алғашқы сетте 3:6 есебімен есе жіберген жерлесіміз қалған екеуін өз пайдасына шешті – 7:5, 6:2. Екінші кезеңде ол АТР тізімінде 19-орында тұрған Испанияның өкілі Пабло Карреньо Буустамен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Вавринканы сан соқтырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар