Экология
1 мин оқу 415

«Жасыл даму» басшысы қызметінен кетті

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жасыл даму&raquo; АҚ басқарма төрайымы Жанат Саматқызы өз еркімен қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев растады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осыған дейін әлеуметтік желіде «Жасыл даму» АҚ басшысының қызметінен кеткені туралы ақпарат тараған.

«Биыл 1 ақпанда «Жасыл даму» АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалған Жанат Саматқызы 12 сәуірде өз еркімен жұмыстан кетті. Бұл қызметке алдағы уақытта кім тағайындалатынын қосымша хабарлаймыз», деді Олжас Беркінбаев.

Бөлісу:
«Жасыл даму» басшысы қызметінен кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар