Аймақтар
1 мин оқу 253
Оралда көші-қон полициясының бөлім басшысы парамен ұсталды
<p style="text-align: justify;">Орал қаласында пара алғаны үшін айыпталған көші-қон полициясының бөлім басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Уральская неделя» порталына сілтеме жасап.</p>
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Қанат Мұқанов 11 сәуір күні 50 мың теңге көлемінде пара алған кезде ұсталды.
Осы ақша үшін қажетті анықтаманы жылдам істеп беруге уәде еткен көрінеді. Полиция басшысы ұсталып, қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті әріптесінің ұсталуына қатысты түсініктеме бермеді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Мұқановтың ұсталғанын растады.
Облыстық соттың мәліметіне сәйкес, қылмыстық іс материалдары тергеу сотына әлі түскен жоқ.
Бөлісу: