Әлем
1 мин оқу 336
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 500 миллионнан асты
<p style="text-align: justify;">Әлемде коронавирустық инфекцияның 500 миллионнан астам жағдайы тіркелген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Джонс Хопкинс Университетінің <a href="https://coronavirus.jhu.edu/map.html">мәліметтеріне</a> сілтеме жасап.</p>

Университет сайтында хабарланғандай, сағат 09:41-дегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша әлемде 500 363 741 КВИ оқиғасы анықталды, 6 183 944 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір апта ішінде әлемде коронавирустық инфекциялар санының төмендегенін хабарлады.
Ұйымның мәліметі бойынша, КВИ-дің жаңа жағдайларының саны 24% - ға, өлім-жітім 18% - ға төмендеді.
Аяна Тоғанбек
Бөлісу: