Аймақтар
1 мин оқу 394

Есеп комитеті Атырау облысында заң бұзушылықты анықтады

<p style="text-align: justify;">Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Есеп комитетінің сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік аудит барысында құрылыс қызметі саласында және денсаулық сақтау саласында бірқатар бұзушылық анықталды.

Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне 10 035, 9 млн теңге мөлшерінде анықталған бұзушылықтар сомасын қалпына келтіру және өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды, делінген хабарламада.

Ведомство қазіргі уақытта Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 8 618, 5 млн теңге қалпына келтіріліп, 7,1 млн теңге өтелгенін атап өтті.

Бөлісу:
Есеп комитеті Атырау облысында заң бұзушылықты анықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар