Аймақтар
2 мин оқу 470

Алматы көшелеріне жаңа атау беріледі

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихатының шешімі бойынша мегаполистегі атаусыз көшелерге атаулар беріледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алатау ауданының «Нұркент» шағын ауданы бойынша:

  • № 1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерес есімі беріледі.

Бостандық ауданының «Ерменсай» шағын ауданы бойынша:

  • № 2 жобалық атауы бар көше Жақсылық Үшкемпіровтың есмімен аталады;
  • № 4 жобалық атауы бар көше Қаршыға Ахмедияров көшесі деп аталады;
  • № 5 жобалық атауы бар көше Шолпан Жандарбекова көшесі деп аталады.

Бостандық ауданының «НұрАлатау» шағын ауданы бойынша:

  • № 12 жобалық атауы бар көше - Ғазиз Жұбанов көшесі;
  • № 13 жобалық атауы бар көше - Кәкімбек Салықов көшесі;

Бостандық ауданының «Нұрлытау» шағын ауданы бойынша:

  • № 6 жобалық атауы бар көше - Роза Жаманова көшесі;

Медеу ауданы бойынша:

  • № 2 жобалық атауы бар көше – Тимофей Седельников көшесі;
  • № 7 жобалық атауы бар көше - Мәшһүр Жүсіп көшесі;

Медеу ауданының «Алатау» шағын ауданы бойынша:

  • № 14 жобалық атауы бар көше - Лев Гумилев көшесі.

Осылайша, қаланың бірнеше аудандарының атаусыз көшелеріне белгілі қайраткерлердің есімдері беріледі.

Құжат 27 сәуірге дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Бөлісу:
Алматы көшелеріне жаңа атау беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар