Спорт
1 мин оқу 213
Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі қарсыласы анықталды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов америкалық промоушендегі кезекті жекпе-жегін жазда өткізуі мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
«Вестник ММА» басылымының мәліметінше, Рахмоновтың қарсыласы америкалық Нил Мэгни болмақ. Олардың жекпе-жегі әзірлену үстінде және маусым айында UFC турнирлерінің бірінде өтуі мүмкін.
Айта кетейік, екі боксшы да UFC жартылай орта салмақтағы топ-15-ке кіреді. Рахмонов - 13, ал Мэгни оныншы орында.
Бөлісу: