Қазақстан
1 мин оқу 205
Жаңа тұрғын үй нысандарына тексеріс жүргізіледі
<p class="article__title" style="text-align: justify;">Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа тұрғын үй құрылысына қатысты ресми мәліметтерді тексереді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ресми дерек бойынша, соңғы 3 жылда Қазақстанда 45 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдің бүкіл өңіріндегі тұрғын үй нысандарына ревизия жүргізетін жұмыс тобын жасақтады.
«Тексеру барысында архитектура органдарына, статистика органдары мен басқа да органдардың базаларында есепке қойылған нысандар бойынша салыстырып тексеру жүргізіледі», деп жазылған министрлік хабарламасында.
Жұмыс тобының құрамына жергілікті атқарушы органдардың, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» РМК, өңірлік статистика департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ЖАҚ өкілдері кірді.
Бөлісу: