Аймақтар
1 мин оқу 210

Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде жеңіл көлік жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермеді. Нәтижесінде жол апаты орын алып, медбике зардап шекті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полицияның мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі басты жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол берген жоқ. Соқтығыс салдарынан жедел жәрдем көлігі бүйіріне төңкеріліп қалған.

«Жол-көлік оқиғасынан медбике дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді», делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бөлісу:
Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар