Әлем
1 мин оқу 305

Түрікменстанда коронавирус жоқ болса да карантин күшейтіліп жатыр

<p style="text-align: justify;">Түрікменстан билігі коронавирустың таралуын әлі ресми түрде мойындаған жоқ. Соған қарамастан ел COVID-19-ға қарсы күресті тағы да күшейтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түрікменстанның батысында маска тағу режимін сақтау талабы күшейтілді.

«Азаттық» радиосы хабарлауынша, жергілікті билік маска тағу талабын коронавирус, сонымен қатар пневмонияның жаңа толқыны таралуымен түсіндіреді.

Шектеулердің күшеюі, атап айтқанда жақында шетелден келген азаматтардан «дельта-плюс» штаммы анықталуына байланысты.

Бөлісу:
Түрікменстанда коронавирус жоқ болса да карантин күшейтіліп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар