Оқиға
1 мин оқу 365
Қызылордада бірнеше үй өртеніп кете жаздады
<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласы С.Бедебеков көшесі №22 тұрғын үйдің 20 метр ағаш қоршауын және ауласындағы ауданы 12 шаршы метрлік моншасының шатырын өрт шалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Жалын одан кейін У. Төрәлиев көшесіндегі №23 тұрғын үй ауласындағы ауданы 200 шаршы метр болатын қураған шөптерді шарпиды. Салдарынан сол аумақта тұрған «Mersedes-benz 1217» маркалы жүк көлігінің кабинасына от тиген. Сол көше бойындағы №21, №25 жеке тұрғын үйлердің сыртқы пеноплекс қаптамасын, суағарын, пластик терезесін зақымдаған. Қаза болғандар мен жарақаттанғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Бөлісу: