Қазақстан
2 мин оқу 152

Қытайда ұзақ аялдаған жүктер

<p style="text-align: justify;">Қытай аумағында жүк контейнерлері ұзақ уақыт бойы тұрып қалатынын отандық бизнесмендер 2020 жылдан бері айтып жүр. Олар жүктерін тезірек алдырту үшін &laquo;Атамекен&raquo; ұлттық кәсіпкерлер палатасынан да көмек сұраған.</p>

Қытайда ұзақ аялдаған жүктер

Айталық, Subaru Kazakhstan ЖШС контейнер­лері Қытай аумағында 5 ай бойы тұрып қалған. Жүктердің кешігуі компания үшін қо­сымша шығын екені белгілі.

«Біздің компания көлікке арналған сапалы бөлшектер­ді Жапониядан сатып алады. Алайда жолда Қытаймен шекарада жүк контейнерлеріміз ұзақ тұрып қалып жатыр. Осы­ған байланысты қаржылай шығын­дарымыз да өсті. Бұл жайт техниканың бастапқы құнына да кері әсерін тигізеді. Өзіміз Subaru-дың ресми дистрибьюторы әрі зауыттың атынан кепілдік бергендіктен қосалқы бөлшектерді жеткізудегі кез келген кідіріс клиенттеріміздің алдындағы міндеттемелерімізді бұзумен пара-пар», деді Subaru Kazakhstan ЖШС директоры Ақылбек Анарбаев.

«Атамекен» ұлттық кәсіп­керлер палатасының араласуы­мен былтырдан бері Қытай аумағында тұрып қалған қазақ­стандық 1 300-ге жуық контейнер елге келген.

«Қазіргі кезде Қытай 45 контейнерді Ляньюньган порты­нан шығару жөніндегі жос­парға қосты, тағы 96 контей­нер Қазақстан шекарасына жол тартты», делінген баспасөз хабарламасында.

«Атамекен» ҰКП маман­дары­ның айтуынша, Қытайдан жүк тиелген контейнерлер елге келе жатыр. Ұлттық палата осы тұрып қалған жүктер тура­лы деректерді 2021-2022 жыл­дар аралығында салалық ведомство­лар мен «Қазақстан темір жолы» компаниясына хабарлаған.

«Қазір біз оң динамиканы байқап отырмыз. Ұлттық палата 1 342 контейнер туралы деректері бар тағы бір тізім­ді жіберді. Сол тізімдегі жүктердің тұрып қалу мерзімі тым ұзарып кеткен. Шекарада 1-ден 4-ке дейін контейнері бар шағын және орта бизнес субъектілерінің жүктері 6-7 айдан  бері Қытай аумағында тұр. Бұл тізімдегі жүктерді де ел­­ге тезірек қайтаруға күш салып жатырмыз», дейді «Ата­ме­кен» ҰКП Төралқа төр­ағасы Райым­бек Баталов.

Биыл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметпен бірлесіп, контейнерлерді жөнелтуді жедел­дету тетіктерін әзірледі: Па­­лата тұрып қалған контей­нер­лер туралы деректерді ҚТЖ, Ин­дустрия және инф­р­а­құры­лым­дық даму ми­нистрлігі және Сыртқ­ы істер министр­лігі­не жібе­реді. Мемлекет­тік орган­дар Қы­тай тарапы­мен қозға­лыс жос­парына Қазақ­стан контейнер­лерін енгізу мүмкін­дігін жан-жақ­ты қарастыруды қолға алмақ.

Бөлісу:
Қытайда ұзақ аялдаған жүктер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар