Экология
1 мин оқу 775

Арал маңы археологиясының ауқымды табысы

<p style="text-align: justify;">Қызылордада Ә.Марғұлан атын&shy;дағы Археология институтының ұйым&shy;дастыруымен &laquo;Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі егіншілер&raquo; атты дөңгелек үстел өтіп, онда осы аттас монография таныстырылды.</p>

Арал маңы археологиясының ауқымды табысы

Бұл белгілі археолог Ж.Құрманқұловтың жетекшілігімен 2004 жылдан бастап кешенді түрде жүргізіліп келе жатқан Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы еңбегінің жемісі. Ғалымдардың зерттеуі Шірік-Рабаттың сақ дәуірінде еліміздегі ең үлкен егіншілік оазисі болғандығын дәлелдеп отыр.

– Осы маңға алғаш зерттеу жүргізген С.П.Толстов өткен ғасырдың 50-60 жылдар­дағы зерттеулер нәтижесіне сүйеніп, Шірік-Рабатты Арал маңы сақтарының астанасы деп атағанын білеміз, ал жаңа зерттеулер оның ірі пантеон екенін, діни-рухани орталық болғандығын көрсетіп отыр. Рабаттағылар егіншілікпен ғана шектеліп қалмай, жартылай көшпелі мал шаруашылығын да жақсы игерген,– дейді кітаптың жауапты редакторы, археолог Әзілхан Тәжекеев.

Шірік-Рабат кезеңі мен кейінгі ортаға­сырлық дәуірлерде Сыр бойындағы диқандар 2,5 млн гектар жер игеріпті. Осы маңдағы қалалық мәдениет орталығы Бәбіш-мола кешені болған деседі. Бұл кешенге Бәбіш-мола қалашығы, ғибадатхана мен қорым, көзешілер ауылы, егіншілікпен айналысқан диқандар мекені, ірі жасанды суландыру құрылыстары, магистралды каналдар мен егістік алқаптар кіреді.

Солардың ішіндегі ерекшесі – көзешілер ауылы. Мамандар ірі қыш күйдіретін пештер арқылы сыртқы саудаға да бұйымдар әзірленген деген болжам жасайды.

Ғалымдар бұл еңбекте кешенді зерттеулерден бөлек жаратылыстану ғылымдарының әдістері кеңінен пайдаланылғанын айтады.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу:
Арал маңы археологиясының ауқымды табысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар