Аймақтар
1 мин оқу 470

Түркістан облысының екі тұрғынында сібір жарасы анықталды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Түркістан облысының санитарлық-эпидемиялық департаменті мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысының екі тұрғынында сібір жарасы анықталды

«Түлкібас ауданының екі тұрғынында сібір жарасы анықталды. ​​​​​​​​​​​Қазір олардың бірі Ақмола облысында, біреуі Түркістан облысында емделуде. Науқастардың жағдайы тұрақты, жақын арада олар ауруханадан шығарылады», деп хабарлады облыстың санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті.

Онда науқас жануарлардың еті Жамбыл облысынан әкелінгендігі айтылған. Қазіргі таңда ет қайдан сатып алынғаны және кім тасымалдағаны қарастырылуда.

«Құрметті облыс тұрғындары, ет және ет өнімдерін ветеринарлық анықтамасы бар, тексерілген жерлерден ғана сатып алуларыңызды сұраймыз!», деді Түркістан облысының санитарлық-эпидемиялық департаменті.

Аяна Тоғанбек

Бөлісу:
Түркістан облысының екі тұрғынында сібір жарасы анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар