Тағайындау
1 мин оқу 943

Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

<p class="mt-5" style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Білімі: Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті; Уорик Университеті (Ұлыбритания).

«Қазақстан» телеарнасында редакторлық қызмет атқарған (2012);

«Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер (2012-2018);

ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитеті интернет-кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м. а., басшысы (2018-2019);

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары (2019-2020);

ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (05.2020-02.2022);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары (02.2022 бастап).

Бөлісу:
Президенттің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар