Қазақстан
2 мин оқу 560

Қаржы пирамидасын құрғандар қатаң жазаланады

<p style="text-align: justify;">Бас прокуратура қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер әзірледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атап айтқанда, заң жобасына келесі түзетулер енгізілген:

  • Алаяқтық, қаржы пирамидаларын құру, монополистік қызмет, экономикалық контрабанда, кедендік баждарды төлеуден жалтару, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту және қорғау ережелерін бұзу, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту;
  • ҚАЖ мекемелерінде, тергеу изоляторларында, УҰИ-да ұсталатын адамдардың ұялы байланыс құралдарын заңсыз бергені және пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу;
  • Жазаның жекелеген түрлерін тағайындау және орындау тәртібін жетілдіру (қылмыстық қамауға алу ұғымын оны өтеу шарттарын жеңілдете отырып түзету);
  • ҚІБ мәселелері бойынша тәуелсіз қоғамдық комиссиялар құру;
  • Соттардан бірқатар өкілеттіктерді прокуратура органдарына бере отырып, жекелеген іс жүргізу және тергеу әрекеттерін санкциялау тәртібін жетілдіру;
  • Қорғау тарапына қорғау актісі түрінде сотқа шоғырландырылған іс жүргізу құжатын беру құқығын беру;
  • Тергеу әрекеттерін бейнетіркеудің іс жүргізу маңыздылығын кеңейту;
  • Сотталғандармен ынтымақтастық туралы процестік келісім институтын жетілдіру;
  • Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары мен рәсімдерін, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы шығаратын процестік шешімдердің санын қысқарта отырып оңтайландыру.

Бұл үшін Бюджет кодексіне, Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Қылмыстық-атқару кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарға түзетулер енгізу қажет.

Заң жобасы жария талқылау үшін 28 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Бөлісу:
Қаржы пирамидасын құрғандар қатаң жазаланады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар