Спорт
1 мин оқу 220

Түркістанда Ашық триатлон кубогы өтеді

<p style="text-align: justify;">23-24 сәуірде Түркістан Elite, U23, U19 және U17 санаттарындағы спортшылар арасында өтетін Қазақстан Республикасының Ашық триатлон кубогының бірінші кезеңін қабылдайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;prosports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Бірінші сайыс күні еліміздің түрлі аймақтарынан келген он үш жастан асқан 60-тан астам спортшылар сынға түседі.

Екінші сайыс күні алаңға Gasenergy TEMIRADAM CUP Turkestan жарысының Pro (кәсіпқой) мен Age Group (әуесқой) санатындағы қатысушылары шығады. Сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ташкент, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарынан келген 100-ден астам спортшы қатысады. Олар TEMIRADAM кубогының рейтингтік ұпайлары үшін сынға түседі.

Екі күндік сайыстың барша қатысушылары 750 м жүзу, 20 км велосайыс пен 5 км жүгіруден құралған спринт қашықтығын бағындырады.

Бөлісу:
Түркістанда Ашық триатлон кубогы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар