Кәрім Мәсімовті қамау мерзімі ұзартылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Бұл туралы ҰҚК-нің <a href="https://ru.sputnik.kz/">Sputnik Қазақстан</a> ресми сауалына берген жауабында айтылған.</p>

К. Мәсімовтің бұрынғы орынбасарлары үшін де қамау мерзімі ұзартылған.
«Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін, Ерғожинді – 2022 жылдың 8 мамырына дейін ұзартылды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ прокуратураға ҰҚК бұрынғы төрағасының орынбасары Марат Осиповты қамауда ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы материалдар жіберілді.
«Күдіктілер тергеу изоляторында», деп атап өтті ҰҚК-де.
Аяна Тоғанбек