Қазақстан
2 мин оқу 220

Skills Enbek платформасы білім беру алаңдарымен интеграцияланады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Еңбек ресурстарын дамыту орталығы&raquo; АҚ Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қазақстандықтардың кәсіби бәсекеге қабілеттігін арттыру және қайта даярлау мен жаңа кәсіптерді игеру үшін мүмкіндіктерді кеңейту туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде екі отандық IT-компаниямен &ndash; Courstore онлайн-білім беру платформасымен және WELLDONE Company онлайн-курстарын әзірлеуші компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Ынтымақтастық шеңберінде Skills Enbek платформасын пайдаланушылар үшін қысқамерзімді онлайн курстар базасын интеграциялау және кеңейту көзделеді.</p>

Skills Enbek платформасы білім беру алаңдарымен интеграцияланады

Қазіргі уақытта онлайн-оқытудың бірыңғай алаңын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Күн сайын онлайн білім беру сұранысқа ие бо­ла түсуде. Жылдам өз­ге­рістер жағдайында ол икемді, мүмкіндігінше те­зірек өз дағдыларын же­тіл­діруге мүмкіндік бе­реді. Сондықтан біз Skills Enbek өнімін жоспар­лы түрде дамытуды жал­ғас­тырамыз және оны барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді етуге тырысамыз. Бірнеше білім беру платформаларының интеграциясы азаматтарға әртүрлі бағыттар бойын­ша сапалы онлайн курстардың кең базасына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл платформаның сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқы­ту саласында нағыз бірың­ғай терезе болуына мүмкіндік береді», деді ЕРДО президенті Дәулет Арғындықов.

Courstore – оқыту мен оқытуға арналған білім беретін онлайн-платформа, онда 10-нан астам санат бойынша 60-тан астам курс­тар ұсынылған.

WELLDONE Compa­ny – бейімделу курсынан бастап корпоративтік онлайн-академияға де­­й­ін онлайн курстарды әзір­леу бойынша жетек­ші компаниялардың бі­рі. Олар­дың ішінде Қазақ­стандағы алғашқы және жалғыз киберқауіпсіздік негіздері бойынша корпо­ративтік курс «C. Y. B. E. R. Агенттер».

Skills Enbek платфор­масы маркетплейс қағи­даты бойынша курс­тар­ға қолжетімділік бере­тін ха­лықаралық оқы­ту алаң­дарының қазақ­стандық баламасы болып саналады. Онда кез келген адам оқи алады жә­не оқу аяқталғаннан кейін Электронды ең­бек бир­жа­сын­дағы түйін­демеде автоматты түрде көрсетілетін сер­тификат ала алатынын еске сала кетейік.

Іске қосылған сәттен бас­­тап Skills Enbek-те 96 мамандық бойынша 100-ден астам курс орна­ласты­рыл­ған, оның ішінде 60 курс тегін. Тір­келген пайдаланушылар саны 19 мың адамға жетті, олардың 11 мыңы оқуды сәтті аяқтап, сер­тификат алды. Оның ішін­де 6 мыңы жұмыссыз адам­дар мәртебесіне ие, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Skills Enbek платформасы білім беру алаңдарымен интеграцияланады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар