Аймақтар
1 мин оқу 354

Атырау облысына қарасты ауданда төтенше жағдай жарияланды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Миялы ауылының батысында жер бедері биіктетіліп, қорғаныс бөгеттері күшейтілген.

Ойыл өзенінің тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында. Бұл жайында өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.

Қазіргі таңда қорғаныс мақсатында 300 тонна құм және 500-ден астам топырақ толтырылған қаптар қойылды.

Оқиға орнында 3 ауыр техника (2 КАМАЗ, 1 погрузчик), 70-тен аса ауыл жастарынан топтасқан еріктілер жүр. Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қаупі бар аймақтарда күшейтілген кезекшілікте тұр.

Кеше ауылдағы үйлерді су басудың алдын алу үшін «Миялы-Қарабау-Индер» автожолын жыру туралы шешім қабылданды. Қауіп сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі.

Бөлісу:
Атырау облысына қарасты ауданда төтенше жағдай жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар