Аймақтар
1 мин оқу 460

Павлодарда мектеп өртеніп, бес оқушы ауруханаға түсті

<p style="text-align: justify;">Павлодарда мектептегі өрт салдарынан 479 адам эвакуацияланып, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 15 сәуір күні сағат 11.00-де Малайсары батыр көшесінің бойында орналасқан № 1 орта мектептің үшінші қабатындағы кітап қоймасы өртенген.

15 шаршы метр аумақ (жиһаз, кітаптар жану) өртке оранған. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 479 адам эвакуацияланды, оның ішінде 414-і бала. Сағат 11:41-де өрт сөндірілген.

Бес оқушыны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Өрт сөндіру орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 35 қызметкері жұмыс істеп, тоғыз техника жұмылдырылды.

Бөлісу:
Павлодарда мектеп өртеніп, бес оқушы ауруханаға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар