Аймақтар
1 мин оқу 184

Талғарда студенттер уланып қалды

<p style="text-align: justify;">Сәуірдің 12-сі күні Алматы облысында медициналық колледждің төрт студенті ауруханаға жатқызылды. Қыздар дөнерден уланған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Зардап шеккендердің екеуі әлі дәрігерлердің бақылауында.

«Қыздар Талғарда дөнер жегеннен кейін өздерін нашар сезінгенін айтты. Қазір аудандық СЭС мамандарының қатысуымен осы факті бойынша тексеру басталды», деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, тексеру жүргізу үшін дөнер сататын орынның қызметі тоқтатылған.

«Тексеру қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданады», деді баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Талғарда студенттер уланып қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар