Аймақтар
1 мин оқу 210

Солтүстік Қазақстанда 200-ге жуық дәрігердің орны бос тұр

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында медициналық кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін былтыр жергілікті бюджеттен 22 жас маманға көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға 9 несие берілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

СҚО-ға екі күнге келген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният іс-сапарының қорытындысы ретінде өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді.

Өңірде медицина саласында шешімін күткен мәселе баршылық. Соның бірі – кадр жетіспеушілігі.

Қазіргі уақытта 7,5 мың медқызметкер бар болса, соның 1 694 дәрігер және 5 839 орта медицина қызметкері. Тағы 187 дәрігердің орны бос тұр.

Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда 200-ге жуық дәрігердің орны бос тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар