Жаңалықтар
1 мин оқу 390

Атырауда еңбеккерлердің 86 млн. теңгеден асатын жалақы қарызы өтелді

08-04-AtirayАтырау облысында жыл басынан бергі үш айда прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде 86 млн. теңгеден асатын  еңбеккерлердің жалақы қарызы төленді. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасы хабарлады. Жалақы бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар өтеліп, нәтижесінде  962 жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды. Соның ішінде «АСД» серіктестігінің жұмысшылары көптен бері ала алмаған жалақысына қол жеткізді. Сонымен бірге, банкрот деп танылған «Атырау-Балық» АҚ 534 қызметкерінің 46,3 млн. теңге жалақысы төленді. Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесі өңірдегі жалақы берешегі бойынша жағдайдың жақсаруына оң ықпал етті. Жолдасбек Шөпеғұл. Атырау облысы. Дереккөз: Атырау облыстық прокуратурасы. Фото: Maps.resurs.kz.  
Бөлісу:
Атырауда еңбеккерлердің 86 млн. теңгеден асатын жалақы қарызы өтелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар