Спорт
1 мин оқу 631

Сұлтан Зәуірбек 13-ші жеңісіне қол жеткізді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек&nbsp;(12-0, 8 КО) Ұлыбританияда жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://prosports.kz/kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Prosports.kz-ке</a>&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Зәуірбек Ұлыбритания аумағында алғаш рет титулды жекпе-жек өткізді. 25 жастағы боксшы Ұлыбританияда бес рет жекпе-жекке шыққан еді. Ол карьерасындағы үш титулды жекпе-жекті Алматыда өткізген болатын. 

Лондондағы кездесуде Сұлтан Зәуірбек қарсыласы Николас Ботеллиді бесінші раундта жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBO European чемпионы титулын қорғап қалды.

Еске салсақ, Сұлтан Зәуірбек кейінгі рет рингке былтыр желтоқсанда шығып, ұлыбританиялық Райан Уилерді (16-2-1, 0 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген.

Бөлісу:
Сұлтан Зәуірбек 13-ші жеңісіне қол жеткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар