Жексенбіге арналған ауа-райы болжамы
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК 17 сәуірде ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Жалаңашкөл ауданында екпіні 28 м/с дейін артуы ықтимал.
Түркістан облысының таулы жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.
Күндіз 18-19 сәуірде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Күндіз 17-19 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с жетеді.