Оқиға
1 мин оқу 260

Астана әуежайына хакерлік шабуыл жасалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, Қазақстан арқылы транзитпен ұшқан ресейлік ұшақтарға &laquo;тоқта&raquo; сигналы жіберілгені туралы ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Stopfake ресурсына сілтеме жасап.</p>

Әуежайдың баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

– Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бүгін сағат 12:20-да nn-airport.kz сайтына бірнеше рет сұрау салу арқылы шабуыл жасалғанын хабарлады. Шабуылға тойтарыс берілді және сайттың жұмысы 13:20-да қалпына келтірілді. Сайт ешқандай хабарлама жібермейді, мұндай қызметі жоқ, – дейді астана әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Бөлісу:
Астана әуежайына хакерлік шабуыл жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар