Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйдің бірінен өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Ақтауда 12 шағынауданда салынып жатқан Aktau Towers тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Шафатовтың айтуынша, МО ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарымен байланыс пункіне өрт туралы хабар сағат 10:10 минутта түскен.
Құрылыстың бірінші қабаты толықтай жанып кеткен. Жану аумағы - 150 шаршы метр. Ғимараттың жалпы аумағы 21 мың шаршы метр.
- Өрт сөндіруге департаменттен 6 техника, 12 қызметкер жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ, - деді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Мақсат Шафатов.