Әлем
1 мин оқу 182

Туннисте дизель артқан танкер суға кетті

<p style="text-align: justify;">Тунис жағалауында 750 тонна дизель отыны тиелген танкер суға кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Хабар 24&raquo; телеарнасына сілтеме жасап.</p>

Кеме Экваторлық Гвинея Республикасының туымен Египеттен шығып Мальтаға бет алған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты экипаж Тунис аумағына өтуге рұқсат сұраған.

Кейін Габес шығанағында танкердің астынғы бөлігіне су кіріп, апатқа ұшыраған. Құтқарушылар борттағы 7 адамды құтқарып үлгерді. Тунис билігі әзірше жанармайдың суға төгілу қаупі жоқ екенін айтады.  Экологиялық апаттың алдын алу үшін арнайы комиссия құрылды.

Бөлісу:
Туннисте дизель артқан танкер суға кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар