Спорт
1 мин оқу 300

Қоланы күміске алмастырды

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Семсерлесу спортынан Францияда мәресіне жеткен кезекті Әлем кубогы жарысында Қазақстан ұлттық құра&shy;масының өкілі Руслан Құрбанов отандық семсерлесу тарихында алғаш рет күміс медаль жеңіп алды.</p>

Қоланы күміске алмастырды

Былтырғы Токио Олимпиадасына қаты­сушы Р.Құрбанов – бұған дейінгі ірі жа­рыстарда ел қоржынына жүлде салып, үздіктер қатарынан көрініп жүрген тәжірибелі спортшының бірі. Ол бұған дейінгі Әлем кубогы додасында екі мәрте қола медаль жеңіп алған болса, енді, міне, өз нәти­жесімен Қазақстан құрамасының же­тістігін жаңартып, күміс жүлдеге қол жет­кізіп отыр.

Отандасымыз Париждегі бәсекесінің ширек финалында мысырлық Мохаммад Эльсаедті жеңсе, жартылай финалда жарыс қожайыны Александр Барденеден басым түсті. Ал финалда тағы бір франциялық спорт­шы Лопез Портье Нельсонмен шебер­лік байқасып, тартысты өткен кездесуде есе жіберді.

Бөлісу:
Қоланы күміске алмастырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар