Кәсіпқой футзал лигасы құрылды
<p class="2018-" style="text-align: justify;">Қазақстан футбол федерациясының қабырғасында елімізде футзалды да­мыту бойынша өткен жиында Қа­зақстанда кәсіпқой футзал лига­сын құру туралы ұсыныс бірауыз­дан қа­былданды. Шешімді футзалдан OLIMPBET-Қазақстан чемпио­наты­ның барлық клубтары қолдады.</p>

Лига президенті лауазымына Асқар Әбілдаев сайланды. Ол бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының футзал департаментін басқарған болатын. Ұйымның негізгі қызметі – футзалдан ішкі жарыстарды ұйымдастыру. Атап айтқанда, OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты, OLIMPBET-Қазақстан кубогы, OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы және барлық жас ерекшелігі бойынша ел біріншіліктерін (U-13, U-15, U-17) өткізу.
Сондай-ақ күн тәртібіне футзалдан Қазақстан Бірінші лигасын құру және жаңа маусымнан бастап футзал командаларын сертификациядан өткізу мәселелері қаралды.