Ауа райы
1 мин оқу 693

Алдағы үш тәулікте елімізде күн суытады

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алдағы үш күнде күн күркіреп, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Өткен түнде республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклоны әлі де өзінің әсерін сақтап, шығыс бағытта жылжып, елдің орталығы мен шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуіне әкеледі: түнде 3 аязға дейін - 5 жылу, күндіз 5-15 жылыға дейін, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20-ға дейін жылы болады.

Бөлісу:
Алдағы үш тәулікте елімізде күн суытады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар