Спорт
1 мин оқу 190

Елена Рыбакина финалдық кезеңге жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ел астанасында өткен ойында кезекті іріктеуден жеңімпаз атанып, Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңіне өтті деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;sport.kz-ке сілтеме жасап.&nbsp;</p> <p>&nbsp;</p>

Елена Рыбакина финалдық кезеңге жолдама алды

Қазақстанның ең мықты ракет ойыншысы Е. Рыбакина кезекті іріктеуде неміс командасының лидері Анжелик Кербермен кездесіп, тамаша өнер көрсетті. Қарсыласымен үш сет ойнап, біріншісін 6:4 есебімен, екіншісін 6:3 есебімен, үшінші партияны 7:5 есебімен басым түсті.

Теннисшілер екі сағат бойы ойнады. Соңғы сеттен қазақстандық теннисші жеңіліп жатқан еді, алайда 3:5 есептен кейін төрт геймді қатар алып, кезектен тыс жеңіске қол жеткізді.

Еске салсақ, Анжелик Кербер әлемдік рейтингте былтыр бірінші орынды алған теннисші еді. Демек қазақстандық спортшы әлемнің экс-нөмір бірінші ракет ойыншысын жеңіп отыр. Елене Рыбакина қазір әлемнің 19-ракеткасы. 

Бөлісу:
Елена Рыбакина финалдық кезеңге жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар